National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Атыраудағы «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Павел Ткачтың хаты

2015 жылғы 19 қыркүйек

 

Автор өз хатында шет елдерге тұрақты тұруға кеткен жақындарының күрделі жағдайлары туралы айтқан. П.Ткач солардың көпшілігі тілдік бейімделуге, әлеуметтік теңсіздікке, сондай-ақ қарулы қақтығыстарға байланысты түрлі қиындыққа ұшырап отырғанын атап көрсеткен.

Соған орай ол Нұрсұлтан Назарбаевқа елімізде татулық пен келісім саясатын жүргізіп отырғаны үшін ризашылығын білдірген, сонымен қатар қонақжайлығы мен кең пейілі үшін Қазақстан халқына алғыс айтқан.

«Қиын-қыстау жылдары қаншама адамға пана болдыңыздар, қолдау көрсеттіңіздер. Қазақстан бізге жерұйық мекен болғаны үшін және бәріміз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін сіздерге өзімнің ғана емес, бүкіл туғандарымның атынан бас иіп, ілтипат білдіремін. Біз белгіленген барлық реформаларды жүзеге асыратынымызға нық сенімдімін. Мен бұған өз тарапымнан бар күшім мен білімімді жұмсайтын боламын», – делінген хатта.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің