National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдығына арналған салтанатты пленумға қатысушылардың хаты

2014 жылғы 06 қараша

 

Форумға Қытай, Түркия, Ресей және басқа да елдерден келген шетелдік қатысушылар өз хаттарында Қазақстан Президентінің тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді дамытудағы маңызды рөлін атап өткен.

«Республика Сіздің басшылығыңызбен саяси және экономикалық әлеуетін біртіндеп ұлғайта отырып, қуатты, қарқынды, әлемдік және өңірлік саясатта көрнекті орынды иеленген мемлекетке айналды», – деп жазады авторлар.

Пленумға қатысушылар сондай-ақ Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарға жете алатынына сенім білдіріп, ел астанасының табысты өркендеп келе жатқанына назар аударды.

«Астана республиканың экономикалық, саяси және мәдени орталығына, ауқымды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналды. Ірі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы Қазақстанның әлемдік аренадағы жоғары беделінің айғағы болып саналады, – делінген хатта.

Соңында авторлар тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды келісім мен сенім рухында қалыптастыру саяси тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өткен. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің