9-сынып оқушысы Р.Тұрынтаев өз хатында Мемлекет басшысына ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған күш-жігері мен адамдарға деген қамқорлығы үшін алғысын жеткізген. Хат иесі Мәскеуде өткен П.И.Чайковский атындағы 8-халықаралық жасөспірімдер конкурсында бірінші орын алып, лауреат атағын иеленгенін айтады. «Әсемдіктің шыңына шығу қиын, бірақ сіз қазақстандықтар бақытты, мәнді де сәнді өмір сүруі үшін барлығын жасап келесіз. Өзімнің жетістігімді сіздің туған күніңізге арнаймын. Бұл сондай-ақ қала күніне де тартуым», – делінген хатта.