Елорда тұрғыны А.Пірменова бұрыннан үш баласы бар өз отбасында үшемнің дүниеге келуіне байланысты биылғы маусым айында Мемлекет басшысынан баспана алуға көмектесуді сұраған болатын. Бұл жолғы хатында ол өзіне пәтер берілгенін айтып, қиын күндерде жәрдемдескені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жолдаған. Осы орайда ол өзіне бұл қолдаудың күш бергенін, ертеңгі күнге деген сенімінің нығая түскенін атап өткен. Сондай-ақ балаларын Қазақстанның лайықты азаматтары етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізген.