Автор өз хатында Мемлекет басшысына елдің денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, соның арқасында қазақстандықтарға өз Отанында білікті медициналық көмек алу мүмкіндігі туғанын айтады. М.Костина сондай-ақ елдің әл-ауқаты артып келе жатқанына және халықтың барлық топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігіне де назар аударған. Сонымен қатар, автор Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделін атай отырып, соның арқасында еліміз дүние жүзінде құрмет пен танымалдылыққа ие болып отырғанын атап көрсеткен. Соңында М.Костина Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық тілеп, жауапты лауазымында табысты болуына, Қазақстан халқына лайықты қызмет ете беруіне тілектестігін білдірген.