Е.Құрманғалиұлы өз хатында Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына ризашылығын білдірген. Атап айтқанда, ол аграрлық саланы дамыту мәселелеріне мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлініп жатқанын қарапайым ауыл тұрғындарының сезініп отырғанына тоқталады. Сондай-ақ елімізде елеулі жетістіктерге қол жеткізілген өзге де бағыттарды атап өтеді. «Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында жастарға деген қамқорлық жылдан жылға артуда. Барлық облыстарда тұрғын үй құрылысы қанат жайып, баспанамен қамту мәселесі шешілуде. Денсаулық сақтау саласын дамытудың нәтижесінде қазақстандықтардың өмір жасы ұзарып келеді», – делінген хатта. Соңында Е.Құрманғалиұлы Елбасыға амандық, Қазақстан халқына береке-бірлік тілеген.