Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен. «Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.