Мемлекет басшысы екі елдің дәстүрлі достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығының тарихы тереңде жатқанын атап өтті. «Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметіңіз Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Молдова халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.