Елбасы құттықтауында Д.Медведевтің жігерлілігі мен алысты болжай білетіндігін, сондай-ақ Ресейдің қарқынды дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы биік беделін атап өткен. «Біздің арамызда қалыптасқан деңгейі биік сенім мен өзара түсіністік алдағы уақытта да елдеріміздің серіктестік рухы мен одақтастығын нығайтуға қызмет ете беретініне сенімдімін», – делінген құттықтауда. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметі төрағасына мықты денсаулық, бақыт және игілік тіледі.