National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты шетелдік мемлекеттер басшыларының құттықтаулары

2015 жылғы 07 шілде

 

Молдова Республикасының Президенті Николае Тимофтидің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесі мен  лидерлік қасиеттері Қазақстандағы маңызды өзгерістерді табысты жүзеге асырудың және елдің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтудың  басты факторына айналғаны айтылған.

«Біз Молдова Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық аясын дәстүрлі достық пен өзара түсіністік негізінде, мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін бірлескен күш-жігер арқылы кеңейте алатынымызға нық сенімдімін», – делінген жеделхатта.

***

Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейн Нұрсұлтан Назарбаевқа бүкіл халқының және жеке өзінің атынан құттықтау жолдады.

«Пәкістан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар алда да халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – делінген хатта.

М.Хусейн Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, ұзақ өмір және еліміздің бұдан ары дамуы мен өсіп-өркендеуіне бағытталған бастамаларының жүзеге асырылуына табыс тіледі.

***

Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедовтің жеделхатында  екі ел халқы арасындағы достық қарым-қатынастар ұзақ жылдар бойы теңқұқықтылық, құрмет және өзара қолдауға негізделіп келе жатқаны айтылған.

«Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейі алда да түрлі саладағы өзара ықпалдастықтың сындарлы дамуына берік негіз қызметін атқара береді деп сенемін», – делінген құттықтауда.

Г.Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат, бақыт, сондай-ақ достас Қазақстан халқының татулығы, ілгерілеуі және өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің