Мемлекет басшысы атына мемлекетаралық ұйымдар, түрлі компаниялар басшыларынан, мәдениет өкілдерінен хаттар мен жеделхаттар әлі де түсіп жатыр.
Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко қоғамдық келісімнің жемісті ахуалын қалыптастыру, Қазақстан халқына ертеңгі күнге деген сенім бітіру, сондай-ақ елді дамыту стратегиясын жасау Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келгенін атап өткен.
«Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз, жоғары кәсіпқойлығыңыз бен сарқылмас күш-қуатыңыз баршаның шынайы құрметіне бөледі», – деп жазған автор.
ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы С.Лебедев Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тарихи жағдайда ауқымды өзгерістер жасау жауапкершілігін өз мойнына алған қазіргі заманғы беделді әрі пәрменді саясаткерлер шоғырына кіретінін атап өткен.
«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуындағы, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі, мемлекеттік және қоғамдық институттарды дамытудағы Сіздің рөліңізге баға жетпейді. Елді дамытудың Сіз әзірлеген және жүйелі жүзеге асып жатқан тиімді үлгісі әлемдік қоғамдастықтың кең кең қолдауына ие болды, ол Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің үздіксіз артуына септігін тигізуде», – делінген жеделхатта.
С.Лебедев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат және Қазақстанның, оның азаматтарының өсіп-өркендеуі жолында жаңа табыстар тіледі.
Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина Нұрсұлтан Назарбаевты республиканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, дарынды ұйымдастырушы және басшы ретінде білетінін атап өткен.
«Сіздің халық игілігі жолындағы белсенді және жемісті қызметіңіз Отанға қызмет етудің үлгісі болып саналады», – делінген жеделхатта.
Дағыстан Республикасының башысы Р.Абдулатипов посткеңестік кеңістіктегі халықтар интеграциясына мүмкіндік туғыза алатын Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қырағылығы мен күрделі үдерістерге басшылық ету қабілетін дағыстандықтар жоғары бағалайтынын жеткізді.
«Бірнеше рет Сіздің дәстүрлі мәдениет құндылықтарына, жастардың бойында біздің халықтарымыздың ерлігі мысалында тарихи зерденің сақталуына деген қамқорлығыңыздың куәсі болдым. Бүгінгі күрделі уақытта Сіздің қажымас қызметіңіз Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздерін нығайту үшін іргетас қызметін атқаратын болады», – делінген құттықтауда.
Сондай-ақ өз құттықтауларын Ресей Федерациясы Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Челябинск облысының губернаторы Б.Дубровский, Калининград облысының губернаторы Н.Цуканов, Оренбург облысының губернаторы Ю.Берг жолдап, Мемлекет басшысына Қазақстан халқының игілігі үшін ауқымды міндеттерді үнемі табыспен орындауға көмектесетін Нұрсұлтан Назарбаевтың мол тәжірибесі мен жоғары беделін атап өткен.
Башқұртстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов что жизненный путь Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы жанқиярлықтың және өз халқына деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі екеніне назар аударған.
«Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіздің арқасында Қазақстан жоғары дамыған, әлемдік ірі державалар санасатын мемлекетке айналды. Туған жеріңізге, бабалар рухына деген Сіздің адалдығыңыз қазақ халқының ұлттық игіліктерін, оның бостандығын, тәуелсіздігін сақтап қалуға септігін тигізді», – деп жазады автор.
Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері арқасында тәуелсіз Қазақстан халықаралық аренада маңызды рөл атқара отырып, саяси тұрақтылық және экономикалық өркендеу жолымен батыл жүріп келе жатқанын айтқан.
«Интеграцияның теориясы мен практикасына, оның біздің өңір елдерінің ерекшелігін көрсететін және оларға жаһанданудың қатал жағдайында орнықты әрі қарқынды дамуға мүмкіндік туғызған формаларын қалыптауға, жүзеге асыруға Сіздің қосқан үлесіңізге баға жетпейді», – делінген құттықтауда.
Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Катырин Нұрсұлтан Назарбаев өз өмірін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне, оның азаматтарының әл-ауқатын арттыруға арнағанына назар аударған. Автор Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, әлемде және өңірде тұрақтылықтың сақталуына зор күш-жігер жұмсап келе жатқанын айтқан.
«Роснаноның» басқарма төрағасы А.Чубайстың құттықтауында Мемлекет басшысының күш-жігері, қайраттылығы және ісіне адалдығы Қазақстанның өркендеуіне септігін тигізіп отырғаны айтылған.
«Бүгінгі Қазақстанның келбетінен Сіздің тұлғаңыз, Сіздің жетістіктеріңіз көрінеді. XXI ғасырдың басынан Қазақстанның ІЖӨ 10 есе өсті, әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуге бағыт ұсталды, жоғары технологиялық инновациялық өндірістің дамуына қолайлы орта қалыптастырылды», – деп жазған автор.
«Транснефть» ААҚ вице-президенті В.Рушайло Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және халық игілігі үшін оның барлық ойының жүзеге асуын тіледі.
«Сіздің дана, терең ойластырылған, сындарлы ұстанымыңыз үшін, елдеріміздің арасында өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастар орнату жолында Сіз жұмсап отырған, қазақ және Ресей халықтарының тарихи тағдыры мен негізгі мүддесінің ортақтығы жөніндегі түсінікке незіделген күш-жігер үшін зор ризашылық білдіремін», – делінген хатта.
«Русснефть» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуына, оның өнеркәсіптік және и инвестициялық әлеуетін ашуға, халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын арттыруға Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан зор үлесін атап өткен.
«Экономиканы жаңғыртудың Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып жатқан тиімді және жүйелі саясаты, Қазақстанның орнықты және теңгермелі дамуын қамтамасыз етудің терең ойластырылған жүйесі бүкіл әлемде мойындалып отыр», – деп жазады автор.
Caspian European Club басшылары Қазақстан Президентіне 5000-нан астам компания мен ұйымды қамтитын бүкіл ұжым атынан, сондай-ақ Caspian Energy International Media Group компаниясының сан мыңдаған оқырмандары атынан құттықтау жолдады. Авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, Қазақстанның қарышты дамуы мен өсіп-өркендеуіне бағытталған барлық жоспарларына табыс тіледі.
ERG компаниясының басшылығы өз құттықтауында мыңдаған адамнан тұратын ұжым атынан Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, Қазақстанның өркендеуі үшін ұзақ та жемісті ғұмыр тілеген.
«Сіз тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы және бастамалары бүкіл әлемнің дамуына елеулі ықпал еткен мемлекет қайраткері ретінде тарихқа ендіңіз. Сізді өз көзқарасы бар, әрдайым тек алға ұмтылатын жарқын талант иесі ретінде құрметтейді», – делінген жеделхатта.
«Камаз» ААҚ бас директоры С.Когогин посткеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттер арасынан Қазақстан компания үшін және барша ресейліктер үшін ең жақын елге айналғанын айтады.
«Біздің достығымыз жыл өткен сайын нығайып келеді, оның басты себебі – бауырлас Қазақстанның басшылығында Сіздің тұрғаныңыз. Сіздің Отан үшін сіңірген қайраткерлік еңбегіңіздің, сындарлы және көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстан әлеуметтік және экономикалық өмірдегі түбірлі өзгерістерде айтарлықтай табыстарға жетті, оның маңызды және лайықты геосаяси орны бар. Сіздің ерекше қасиеттеріңіз елді одан әрі дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізетініне күмәнім жоқ», – деп жазады автор.
Қазақстанның Төменгі Саксониядағы (Германия) Құрметті консулы Г.Папенбург Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-қуаты, білімі және табандылығы алда да Қазақстанның маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындауға, тұрақтылық пен этносаралық келісімді сақтауға бағытталатынына сенімді екенін жеткізген.
Ресейдің халық әртісі, дирижёр В.Гергиев Мемлекет басшысына мықты денсаулық, барлық бастамаларына табыс тілеп, көздеген жоспарларының сәтті жүзеге асуына ниеттестігін білдіреді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы С.Досанов жылы лебізді құттықтауын жолдай отырып, Мемлекет басшысының ел тәуелсіздігін нығайтудағы, елдің әлемдегі жоғары беделін арттыра түсудегі өлшеусіз үлесін атап өткен.
Қазақ тағамтану академиясының президенті Т.Шарманов поблагодарил Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне деген қамқорлығы, мемлекеттік бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асырылғаны үшін алғыс айтқан.
«Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға жасалған қамқорлық арқасында отандық медицина деңгейі айтарлықтай артты, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің беделі өсті, жастар медицина мамандықтарына ұмтыла бастады. Осының барлығы – еліміздің адами капиталының мықты қорын қалыптастырудың негізгі бағыттары», – деп жазған автор.
Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті Н.Нәдіров Мемлекет басшысының басшылығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бас қосатын бейбітшілік пен келісім елордасы – Астана салынғанына назар аударған. Бұл ретте автор Қазақстан Президентінің елдегі достықты, өзара түсіністікті, толеранттылық пен тұрақты ілгеркілеуді қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерінің маңыздылығын атап өткен.
Өз құттықтауында заңгер әрі журналист З.Жандосова Мемлекет басшысына Қазақстанның және ел халқының игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтқан.
«Сіз қолға алған ісіңіздің бәріне жаныңызды салып кірісесіз, халықтың арманын ақиқатқа айналдыра аласыз. Барлық адамға, олардың құқықтарына және ар-намысына зор құрметпен қарайсыз, бәріне және ең алдымен қазақстандықтардың жас буынына үлгі болып келесіз», – делінген хатта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы атына құттықтауларын Қазақстанның халық әртістері Б.Аюханов пен композитор Б.Жұманиязов, ҚР ҰҒА академигі С.Сартаев, Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің «Ардагер» республикалық қоғамдық одағының өкілдері, Алматы облысы Талдықорған қаласы Қоғамдық палатасының мүшелері, Алматы қаласының Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің ұжымы, әділет генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасының төрағасы Р.Қайдаров, Солтүстік Қазақстанан күтімінде балалары бар мүгедек әйелдердің «Асыл-Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Сәрсекеева, Тараз қаласынан «Рысбаева и Ко» ЖШС директоры С.Рысбаева, Астана қаласынан Л.Завгороднева жолдады.
Мемлекет басшысы атына жолданған құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде.