National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар

2015 жылғы 10 шілде

 

Қазақстан Президентінің атына мемлекет қайраткерлерінен, ірі компаниялар мен ұйымдар басшыларынан, еліміздің және шет елдердің білім беру саласы өкілдерінен, сонымен қатар азаматтардан құттықтау хат-хабарлары әлі де келіп түсуде.

Мәселен, «Интер РАО» тобы басқармасының төрағасы Б.Ковальчук Қазақстан Президентіне Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі және сындарлы келіссөздер ұстанымы үшін ризашылық білдірген.

«Сіздің жоғары кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріңіз, өткір түйсігіңіз бен басқарушылық дарыныңыз тіпті ахуалдың ең қиын кездерінде де мұқият ойластырылған тиімді шешімдер қабылдауыңызға мүмкіндік берді. Сіздің Қазақстан Президенті лауазымындағы жемісті қызметіңіздің нәтижесінің бірі ешқандай сілкіністер шайқалта алмайтын орнықты желілік инфрақұрылым мен тұрақты энергия жүйесінің құрылуы болды», – делінген хатта.

Ресей Ақпараттық агенттігінің (ИТАР-ТАСС) бас директоры С.Михайлов  Нұрсұлтан Назарбаевқа тән күш-қуат, шешімталдық пен табандылық елдің дамуы жолында барлық кедергіні еңсеруге көмектесетініне сенім білдірген.

«Іскерлік қабілетіңіз, жауапкершілігіңіз, бай жұмыс тәжірибеңіз, жоғары кәсіби деңгейіңіз Сіздің өз қызметіңізде көзделген жоспарларыңыздың бәрінің орындалуына септігін тигізе берсін», – деп жазады автор.

С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің ректоры В.Малышев Нұрсұлтан Назарбаевқа көздеген мақсаттарына жету жолында сенімділік тілеп, жоспарлаған бағдарламаларының бәрі табысты орындалуына ниеттестік білдірген.  

Ең ізгі тілектермен айшықталған құттықтаулар «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры С.Кириенкодан, Молдова Республикасы Парламентінің депутаты В.Хотинянудан, «Түрік ошақтары» ұйымының төрағасы М.Озадан, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ү.Мұңалбаевадан, Алматы қаласынан еңбек ардагері Ш.Мутерперлдан, Шымкент қаласынан Е.Раманқұловтан, Қостанай қаласынан Г.Молдахметовадан, Атырау облысынан Р.Жұмалиевадан, сондай-ақ О.Қодашевтан келіп түсті.

Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің