Мемлекет басшысы М.Земанның жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі оның елінің өсіп-өркендеуіне айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірген. «Сіздің жаңа қызметіңіз екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік негізінде қалыптасқан ынтымақтастықтың нығаюына, атап айтқанда, 2012 жылғы Чехияға ресми сапарым барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты іске асырылуына септігін тигізетініне кәміл сенемін» делінген жеделхатта. Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанға зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметіне табыс, ал достас Чехия халқына - береке-бірлік және өсіп-өркендеуді тілейді.