Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, тату көршілік пен достық қарым-қатынастар нығайып келе жатқанын атап өткен. «Алдағы уақытта да екі елдің болашағы мен дамуына бағытталған тығыз байланыстар одан әрі тереңдей түсетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін және достас моңғол халқын елдің алда келе жатқан ұлттық «Наадам» мерекесімен құттықтады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия еліне береке-бірлік, ал Ц.Элбэгдоржге денсаулық және қызметіне табыс тілеген.