National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 17 маусым

 

Жеделхатта ел тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы және Х.Руханиге кең қолдау көрсетуі жаңа мемлекет басшысы ұсынған саяси және экономикалық бағдарламаларға сенім артуының айқын айғағы болып саналатыны атап өтілген.

«Сіздің басшылығыңызбен Иран жаңа даму кезеңіне аяқ басады деген сенімдемін», - делінген құттықтауда.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да екі ел халқының игілігі үшін жалғаса беретініне сенім білдірген.

«Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық, жаңа қызметіңізде табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін», - делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің