National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискке құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 14 наурыз

 

Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискті Киелі Тақ Понтифигі лауазымына сайлануына байланысты көп ұлтты Қазақстан халқының және жеке өз атынан шын жүректен құттықтады.

«Қазақстан мен Ватикан арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынастар 20 жылдан астам уақыттан бері дамып келеді. Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 2001 жылы Қазақстанға жасаған тарихи сапары – соның айқын дәлелі» делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үнқатысудың одан әрі дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Соңында Мемлекет басшысы жарылқаушы миссия барша адамзаттың амандығы үшін атқарылып отырғанын атап өтіп, Рим Папасы Францискке және жалпы католик қауымдастығына бейбітшілік пен шапағат тіледі.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің