National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Кувейт Мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа Әл-Кувейт қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 27 маусым

 

Көңіл айту жеделхатында Мемлекет басшысының Әл-Кувейттегі террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз жандар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Біз дүниежүзілік қоғамдастықтың халықаралық экстремизм мен терроризм қатеріне қарсы күрестегі күш-жігері мен қадамдарын толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Кувейт халқына көңіл айтып, жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің