Көңіл айту жеделхатында көптеген қытай азаматтарын қазаға ұшыратқан апат туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Достас Қытай халқының орны толмас қайғысына ортақтаса отырып, қаза болғандардың отбасыларына барша қазақстандықтар және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.