Көңіл айту жеделхатында Мемлекет басшысының Сус қаласында болған террористік акт салдарынан көптеген Тунис және шетел азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан барша әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмді үзілді-кесілді айыптайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Тунис Республикасының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.