Жеделхатта мемлекет қайраткері Г.Геншердің бүкіл өмірін Германия халқының бірлігі жолына арнағаны атап өтілген. «Қазақстан халқы Г.Геншерді екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.