National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімовке Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2015 жылғы 30 наурыз

 

Жеделхатта сайлау нәтижелері И.Кәрімовтің халық алдындағы беделінің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына  және Өзбекстанның халықаралық  қауымдастықтағы абыройын нығайтуға бағытталған парасатты саясатына көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі екені атап өтілген.

Мемлекет басшысы сондай-ақ И.Кәрімовтің басшылығымен Өзбекстанның одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірген.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырлас қарым-қатынастар стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде нығая түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентіне зор денсаулық және жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына татулық пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің