National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Дилма Руссеффке құттықтау жеделхатын жолдады

2014 жылғы 29 қазан

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы және жеке өз атынан жолданған құттықтауында бұл жеңіс Д.Руссеффтің қоғамдағы беделінің, сондай-ақ Бразилияны әлеуметтік-экономикалық дамытуды және оның халықаралық аренадағы орнын нығайтуды көздеген саясатын қолдаудың жарқын дәлелі екенін атап өткен.

«Қазақстан мен Бразилияның арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық бұдан әрі де екі мемлекет халықтарының игілігі үшін дами беретіндігіне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Д.Руссеффке мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметінде табыс, ал достас Бразилия халқына татулық пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің