National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге оның Испания Королі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2014 жылғы 20 маусым

 

Қазақстан Президенті өз құттықтауында Фелипе VI-нің әкесі Хуан Карлос I-нің жүргізген сындарлы саясаты арқасында Қазақстан мен Испания арасында өзара тиімді әрі толыққанды ынтымақтастық қалыптасқанын атап өткен.

«Испания біздің еліміз үшін бүгінде Еуропадағы сенімді дос және стратегиялық серіктес болып саналады. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстан мен Испанияның жан-жақты ықпалдастығы аясын тереңдету үрдісі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қалыптасқан игі қарым-қатынастар жалғасатынына сенім білдіре отырып, Испания Королін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге сарқылмас қуат пен зор табыс, ал достас Испания халқына бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің