Қазақстан Президенті сайлау нәтижелері өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, қоғамды біріктіруге бағытталған П. Порошенконың сайлауалды бағдарламасының кеңінен қолдау тапқандығының айғағы екенін атап өткен. Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас украин халқына татулық, тұрақтылық және бақ-береке тілеген.