National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Куньмин қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхаты

2014 жылғы 03 наурыз

 

Өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев Куньминде көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағанын айтқан.

«Адамзатқа қарсы қылмыстарға ешқандай ақтау болмайтынын және мұндай жантүршігерлік әрекеттерді Қазақстан қатаң айыптайтынын атап өтемін. Халықаралық қоғамдастық қара ниет пен қазіргі замандағы қауіп-қатерлердің тамырына  балта шабуға күш-жігерін жұмылдыруға тиіс», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге  және қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің