Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтты.