Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.