Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтқан Мемлекет басшысы Ә.Сығайдың зиялылығы мен жоғары кәсіби деңгейін атап өтті. «Ол жемісті еңбек етіп, жауапты қызметтер атқарып, ғибратты өмір сүрді. Еліміздің мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты, ал оның еңбегі әр жылдары республикамыздың жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», - делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Сығайдың есімін халқымыз ұмытпайтынына сенім білдірді.