National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхаты

2014 жылғы 24 қаңтар

 

Мемлекет басшысы Фариза Оңғарсынованың ұлттық поэзиямызға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі екенін атап өткен.

«Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым халқымыздың жан-жүрегін еріксіз баурап алатын. Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таң қаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист және еліміздің көрнекті қайраткерін ерекше қадірледі», – делінген жеделхатта.

Жеделхатта ақынның қоғам дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградаларына ие болғаны атап өтілген. Сондай-ақ, халқымыздың өзіне көрсеткен зор сенімі арқасында Фариза Оңғарсынова Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Соңында Мемлекет басшысы ақынның есімі ұмытылмайтынына, ал оның шығармалары Қазақстан халқының жадында әрдайым сақтала беретініне сенім білдірген.      


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің