National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанлоға ХХХ Олимпиялық ойындарда жеңіске жетуімен және жаңа әлем рекордын жасауымен құттықтаған жеделхат жолдады

2012 жылғы 30 шілде

 

- Сені ХХХ Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы сенімді жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын!

Сен әр спортшының өміріндегі ең маңызды марапатты жеңіп қана алған жоқсың, сонымен қатар, әлемнің үздік спортшыларын артқа тастап, әлем рекордын жасадың!

Сенің табандылығыңның, еңбекқорлығыңның және спорттық құмарлығыңның арқасында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Сен әлемге тағы бір рет өзіңнің мүлтіксіз шеберлігің мен жеңіске деген жігеріңді паш еттің. Қазақстан сені мақтан етеді.

Саған табыстар және алда үлкен жеңістер тілеймін. Сенің үлкен жеңістеріңнің әлі де көп болатынына сенімдімін, - делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің