National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2015 жылғы 16 сәуір

 

Қазақстан Президенті қазақ-түрік бизнес форумы аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында елдегі су тасқынына байланысты ахуалға тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бес облысына су жайылғанын айтты.

– Қардың жылдам еруі, күннің күрт жылынуы осындай жағдайға әкелді. Қазірдің өзінде 15 мың адам көшірілді, материалдық шығын бар. 5500 адам және 1500 техника жұмысқа тартылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Бағымызға орай, адам шығыны жоқ. Төтенше жағдай органдары мен басқа да қызметтердің өкілдері ерлікке барабар жұмыс атқаруда. Олардың бәріне зор ризашылығымды білдіремін. Мен өңірлердің әкімдерімен ұдайы байланысып отырмын. Қарағанды облысына 1 миллиард теңге бөлінді. Ол жақта су қайта бастады. Тасқын су мәселесін шешеміз деп ойлаймын, бұған қажетті ресурстардың бәрі бар, барлық мүмкіндіктер пайдаланылуда. Аса қатты алаңдауға ешқандай негіз жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің