National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

2017 жылғы 06 қазан

Жиында Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ашықтық пен үздік жетістіктерге бейімделу қажеттігін айқындап бергенін айтты.

Г.Әбдіқалықова ғалымдар, өндіріс жаңашылдары, ғылыми-техникалық зиялы қауым өкілдері ел экономикасын дамытуға, ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

– Әлем бүгінде жедел өзгеруде. Жоғары технологиялар, тың ғылыми жаңалықтар, ғылымды қажет ететін озық өндірістер – осының барлығы әлем елдерін өзгерістерге бейімделіп, инновациялық жобаларды инвестициялауға, бәсекеге қабілетті болуға жетелейді. Сондықтан ғылым мен техниканың дамуына тұрақты түрде қаржы бөліп отыратын мемлекеттер өз халқының әл-ауқатын жақсартып, жаһандық инновациялық трендтен қалыспайтын болады, – деді Мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегіне қоғам мен мемлекет тарапынан берілген жоғары баға екенін атап өтті. Екі жылда бір рет 7 сыйлыққа дейін беріледі. 2017 жылы мемлекеттік сыйлық лауреатына берілетін қаржылай бір сыйақы мөлшері – 18 600 000 теңге. Сыйлыққа барлығы 24 жұмыс ұсынылған. Алдын ала іріктеуден кейін солардың 11-і екінші кезеңге өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын жұмыстардың тізімін айқындады.

Қазақстан Республикасының Президенті әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің