National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы

2017 жылғы 08 маусым

Басқосуда Мемлекеттік хатшы Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес инновациялық қызмет нәтижелері өндіріске енгізілуге тиіс екенін және бұл әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беруге қойылатын талаптардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, біз ашық болып, ең озық жетістіктерді бойға сіңіре білуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы – ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегінің жоғары деңгейде мойындалуының белгісі.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығына үміткерлерден 24 жұмыс келіп түсті. Секциялардың ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындылары қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының  әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала іріктеуден өткен тізбесі бекітілді. Бұл тізбе қоғамда кеңінен талқылау үшін «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.  

Секциялар жетекшілеріне екінші кезеңде комиссия отырысында айтылған ұсыныстарды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауларды  ескере отырып, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды қарау тапсырылды.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлықтың ақшалай мөлшері – 18,6 миллион теңге.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің