National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы, Боао Азия форумы кеңесінің төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті

2018 жылғы 17 мамыр

Астана экономикалық форумы аясында өткен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунның Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

– Сіз Қазақстанда бірнеше рет болдыңыз. Біз ядролық қарусыздану бағдарламасы бойынша бірлесе жұмыс істедік. 29 тамыз бүкіл әлемде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Сізбен және Корея Республикасымен арамызда өте жақсы достық қарым-қатынас қалыптасты, – деді Мемлекет басшысы.

Пан Ги Мун Астана экономикалық форумы жаһандық сын-тегеуріндерді талқылап, оларды еңсеру жолдарын табу ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Қазақстанға жаңа қызметімде алғаш рет келіп отырғаныма қуаныштымын. Жаһандық көптеген проблемалар бар, мен оларды шешу үшін қолдау көрсетуге әзірмін. Астана экономикалық форумы тек қазіргі өзекті тақырыптарды ғана емес, сондай-ақ жаһандық дамудың келешектегі мәселелерін де талқылауға арналған алаңға айналып отыр, – деді Боао Азия форумы кеңесінің төрағасы.

Әңгімелесу барысында тараптар Боао Азия форумы мен Астана экономикалық форумы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамыту саласында, ғылыми-инновация секторы мен білім беру ісінде байланыстар орнатудың перспективаларын талқылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің