Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Д.Уотсон Елбасына компанияның қазіргі қызметі мен біздің еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.