Кездесу барысында энергетика, тау-кен металлургия және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Автомобиль, металлургия, азық-түлік және энергетика салаларында жұмыс істейтін «Гленкор Экстрата» компаниясы өнеркәсіптік және шикізаттық тауарлар жеткізетін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі саналады.