National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті

2018 жылғы 04 сәуір

Кездесуде тараптар мұнай өндіру мен мұнайды қайта өңдеу саласындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы өткен жылдар ішінде екі тарап тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын атап өтіп, бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

– Сіздер оңай өңделетін мұнайдың әлемдегі ең терең әрі ірі кен орындарының біріне инвестиция құйып отырсыздар. Қазіргі таңда оны тасымалдау мәселелері шешілді. Бұл «Шеврон» компаниясының ең ірі активтерінің бірі екенін атап өткен жөн, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Майкл Уиртті қызметіне кірісуімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі.

М.Уирт Қазақстан Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастардың жемісті екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің