Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр – Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды.