Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы дамуына қатысты ой-тұжырымдарын айқындап көрсетті. Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дамыған және инклюзивті экономиканы қалыптастыру, халықты әлеуметтік қамту саласын жаңғырту, сондай-ақ өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларын ұсынды. Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.