National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясына қатысты

2018 жылғы 04 шілде

Жиынға Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов, Халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы Л.Вульф, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары И.Рогов, Қазақстандағы елшіліктердің, мемлекеттік органдардың, халықаралық арбитраж орталықтары мен соттарының, жетекші заң және консалтингтік фирмалардың, қаржы корпорацияларының және басқа да мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан Г.Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Астана бүкіл әлемге тек жаңа елорда және саяси алаң ғана емес, сонымен бірге технология, қаржы, зияткерлік ресурстар құйылатын орталық ретінде де танылса дедім», – деп айтқан сөзіне назар аударды.

– Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығының бірі – бизнес жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатпен ел Президентінің бастамасы бойынша ертең тұсаукесері өтетін «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылды. Бұл орталық әлемдік қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибелерін алатын болады. Бұл ретте құқықтық режімге айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінде оның жұмысы Англия мен Уэльс құқықтарының қағидаттарына, нормаларына және прецеденттеріне, сондай-ақ тәуелсіз сот жүйесі бар әлем мойындаған қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген, – деді Г.Әбдіқалықова.

Басқосуда құқықтанудың қазақстандық және шетелдік көрнекті қайраткерлері қаржы орталығының қызметі саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығымен және дауларды шешу ісімен байланысты мәселелерді талқылады.

Соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова конференция барысында сындарлы сұхбат орнап, тығыз іскерлік байланыстар жолға қойылатындығына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің