National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Конституция – қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

2016 жылғы 29 тамыз

Конференция жұмысына сондай-ақ Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, БҰҰ Даму бағдарламаларының Қазақстандағы өкілдері, Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының, ЕЫҚҰ-ның Астанадағы бағдарламасы кеңсесінің, ЕурАзЭҚ сотының, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің, Арменияның, Белорусьтің, Германияның, Иорданияның, Молдованың, Қырғызстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Украинаның конституциялық соттарының өкілдері, сондай-ақ танымал шетелдік және отандық құқықтанушы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Мемлекеттік хатшы конференцияның ашылуында Қазақстан Президентінің қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді. Елбасы республикалық референдумда қабылданған Конституцияның талаптарын мүлтіксіз орындап, оның рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі және кепілі болып саналатынын атап өткен. Қазіргі таңда Қазақстан жаңа мақсатты – ғасырдың ортасында әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуды көздеп отыр. Оған қол жеткізу үшін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспарының міндеттері табысты орындалуда.

Сондай-ақ конференцияда ГФР, Украина, Қырғызстан және Молдованың Конституциялық палатасының өкілдері баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның конституциялық дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтіп, конституциялық құрылымдағы Қазақстанның тәжірибесіне жоғары баға берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің