National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясындағы мәдени бағдарламаны дайындау және өткізу мәселелеріне арналған кеңеске қатысты

2015 жылғы 26 қараша

 

Кеңес жұмысына Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің басты мақсатының бірі – еліміздің жаңа ғылыми-техникалық жетістіктері мен жаһандық ауқымдағы даму перспективаларын кеңінен көрсетумен қатар, Қазақстанның басты байлығы – бірегей мәдениет пен көпұлтты халқымыздың дәстүрін насихаттау екенін атап көрсетті.

Кеңесте мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Ахмедияровтың, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Пірметовтің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясындағы мәдени бағдарламаны дайындау және ұйымдастыру барысы туралы ақпараттары тыңдалды.

Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» акционерлік қоғамы бірлесе отырып, Қазақстанның тарихын, мәдениетін және дәстүрін паш ететін мәдени-көріністік іс-шараларды қамтитын кешенді бағдарлама әзірледі.

Кешенді бағдарлама жобасында Ұлы Дала Елінің мәдениет пен өнердегі жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі жанрлық бағыттарды қамтитын республикалық және өңірлік озық шығармашылық ұжымдардың, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстанның өнер шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізу көзделген.

 «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі барысында түрлі санаттағы қонақтар, әсіресе алыс және жақын шет елдерден келушілер қазақтың мәдениетімен, бірінші кезекте оның дәстүрімен танысуға қызығушылық танытады. Осылайша, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті Қазақстанның жағымды бейнесін қалыптастыруға және еліміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған имидждік жобаға айналады.

Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің