National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты

2018 жылғы 22 маусым

Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары О.Оразалин, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, мемлекеттік қызметшілер де қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және ұлттық мүддені тиімді қорғау деген сөзіне тоқталды.

Содан кейін Мемлекеттік хатшы бұл мейрамның биыл тәуелсіз Қазақстанның символы – Астананың 20 жылдық мерейтойымен орайлас келгенін атап өтті.

– Әрбір мемлекеттік қызметші Ел Президентінің стратегиялық бағытын жүйелі жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Халқымыздың ерен еңбегі мен жасампаз істерінің арқасында Қазақстан табысты әрі қуатты және беделді мемлекетке айналды, – деді Мемлекеттік хатшы.

Тәуелсіздік жылдары «Қазақстан – 2050» стратегиясын, Ұлт жоспарын, елдің Үшінші жаңғыруын табысты жүзеге асырып келе жатқан заманауи және жоғары кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасты.

Бүгінде мемлекеттік қызмет саласында 98 мыңға жуық қызметші еңбек етуде. Кейінгі жылдары мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Кадр алмасу 2015 жылдан бері (2015 жылғы 11,2 пайыздан 2017 жылы 6,2 пайызға дейін) 2 есе азайды. Соңғы үш жылда  мансап моделінің арқасында жұмыс бабында жоғарылаған мемлекеттік қызметшілер саны 4 есе көбейді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жаһандық стандарттарға сай келеді, ал мемлекеттік аппараттың «қартаюы» және гендерлік теңсіздік көрсеткіштері жөнінен ілгерілеушілік байқалады.

Мерекелік шара аясында «Қазақстан Республикасының 2018 жылғы үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсының 20 жеңімпазы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін еліміздегі танымал әртістердің және өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің