National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Төртінші Еуразиялық әйелдер саммитіне қатысты

2015 жылғы 25 қараша

 

Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық  мерейтойына арналған саммит жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаева, Парламент депутаттары, Ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру мақсатымен Бес институционалдық реформаны ұсынғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамаларын Қазақстан әйелдері әрқашан қолдап келе жатқанын, бұл ретте әйелдердің реформаларды іске асыруға белсене қатысуы негізгі жайттың бірі болып табылатынын айтты.

Мемлекеттік хатшы форумға қатысушылар назарын әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытудың маңыздылығына аударды. Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнес субъектілеріне 1 миллиард теңгеден астам қаржылық жәрдем жасады, Азия даму банкі 2011 жылдан бері 412 кәсіпкер әйелдің жобасын қаржыландырды,  Еуропаның қайта құру және даму банкі жалпы құны 41 миллион АҚШ доллары болатын несие бөлді.  

Г.Әбдіқалықова бәсекеге қабілетті тауарлар шығару және ұсынылатын қызметтер деңгейін көтеру, инновациялық бастамалар мен жоғары технологиялық бизнес жобаларын жасау және оларды енгізу, өңірлердегі кәсіпкер әйелдерді қолдау жөнінде іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, әсіресе ауылдық аймақтарда жандандыру жайына тоқталды.  

Саммиттің жалпы отырысы соңында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның кәсіпкер әйелдері өндірген ең үздік тауарлар қойылған «Бизнестегі әйелдер – 20 қазақстандық бренд» атты республикалық көрмені салтанатты түрде ашты. Көрме қорытындысында түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің