Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен кездесу барысында В.Жұмақановтың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты төраға қызметінен босатылатынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы К.Мәсімовті таныстырып, Үкімет жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретінін атап өтті.