Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Альбер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Соныман қатар Монако Князі Тұңғыш Президент Кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.