Кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ шағын және орта бизнеске «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды.