Кездесу барысында компания қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ оның Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуы сөз болды. Мемлекет басшысы елдегі денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласында жоғары стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. «Польфарма» - Польшаның дәрілік препараттар мен белсенді фармацевтикалық заттар шығаратын ірі өндірушісі. 7,5 мыңға жуық адам жұмыс істейтін компания 600-ге жуық атаулы өнім шығарады.