National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында «Ресей Сбербанкі» ААҚ Президенті және басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады

2014 жылғы 11 маусым

 

Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, оның еліміздің қаржы-экономикалық секторын дамытуға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Герман Греф республиканың банк саласының дамуындағы оң қарқынға тоқтала отырып, оның өсіп келе жатқан әлеуетін атап өтті.

«Ресей Сбербанкі» ААҚ – Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің аумағындағы ірі банк. Оның қызметін 100 миллионнан астам жеке тұлға және 1 миллионға жуық кәсіпорын пайдаланады. 15 филиалы бар «Ресей Сбербанкі» АҚ еншілес банкі Қазақстанда 2006 жылдан бері жұмыс істейді.


 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің