National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті

2014 жылғы 03 сәуір

 

Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар екенін айтты.

– Бүгінгі күні ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жақында өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштері әскери міндеттерін орындауға әрдайым дайын болуға және өз кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне тоқталды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің